Posted in

БАУЫРҒА БАСТЫ (САЛДЫ)

Отбасы дәстүріндегі бала асырап алудың бір түрі.
~ Мынау кенжеңіз бе? — Жоқ. Жақын ағайынның баласы. Кішкентайынан бауырға басып алғанбыз. Б.Тоғ. ~ Бұл үйде шет елден әкелінген бала бар деп естігенбіз. Аудармашы Кареннен бауырға басқан баланың аты-жөні, ұлты қайдан екенін қайта-қайта сұраймын. Ол да жауап беруден жалығар емес. Ә.Ысқ. ~ Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Және, қазір баурыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды. М.Мағ.