Еркін көсілып, шабысын үдетті. ~ Омырауды ашып тастап, әнмен баурын жазып алған ақын әрберден соң қара өлеңге басты. Ж.Айм. ~ Менің бақытыма қарай осы кезде күй аяқталды да, бауырын жазып, көкке көтерілуге айналған аққу қайтадан жерге қонды. Ә.Нұрш. ~ Кешеден бері қаңтарылын тұрған поезд бауырын жазып, жүрісін түзеп алды, бірақ елге қарай асығып келе жатқан әйелдердің ішінде оған қуанғаны болмады. Ә.Нұрп. ~ Тап қасынан баяу, тәтті әуез аймалай жөнелді. Әйелдің ыстық үні бірде мұңайып, бірде еркелеп, бабына келіп бауырын жазған сайын баурап барады. Н.Дәутай.
