Қайырлы болсын, ұзағынан сүйіндірсін д.м. тілек. ~ Жаңа жылың құтты болсын қарт Кавказ! — деп айғайламаған солдат болған жоқ. Күміс жоталары күнге шағылысып, жүзі жадыраған құз Кавказ әрбір солдатқа — осы беталысың баянды болсын! — деп тұрғандай еді. Ғ.Мүс. ~ Осы жақындығымыз баянды болсын, бұдан былай екі үйіміз бір үй болып жүрейік деген ниетпен енді міне Нұрәлі бізді шала шабылып, қонақ етіп отыр. Б.Соқп.
