Қуанышы, игілігі ұзаққа бармады. ~ Бізге бір бай лама дөрветтен жұмыс табылды, бірақ баянсыз болды. Е.Мұх. ~ Бұл шешімім — өзім үшін — бәлкім, баянсыз да болар, мұны сеземін, әйтсе де одан енді еш уақытта, ешқашан да таймайтынымды да, оның ғұмыр бақи сол күйі қалатынын да күні бұрын сезіп отырмын. Ф.Дост. ~ Құрысын, дүние баянсыз болғасын, түс қайдан баянды болсын; түс секілді тұрлауы жоқ тәркі дүниеде де тырнақ ілігер тиянақ қалмаған; бәрі жалған: бәрі алдамшы; баянсыз; баянсыз болмаса, жаңа ғана жасыл жапырақ жамылған жұмыртқадай аппақ үйлер қайда? Ә.Нұр.
