Ығыр қылды. ~ Таба алмасаңыз, ол осы ауылдың молдасы. Оның не ойлап келе жатқаны мынау. Ол қазір «підиеге» отырады, оның «підиені» есіткені болмаса, көріп отырғаны осы. Ол қазір сексенге келген кемпірдің күнәсін мойнына көтермек. Тым болмаса, орта жастағы кісі емес, сексенге келген кемпірдің күнәсі. Кемпір болғанда да қай жөні түзу, сүйкімді кемпір? Ауылды безер қылған бір қақпас. Япыр-ау! Шынымен осы мыстанның күнәсін арқалағаны ма? Ж.Айм.
