Сырт айналды, аулақ кетті; ат-тонын ала қашты. ~ Бұрын осы шағын ғана Бірдеңе-ское колхозында, одан кейінгі өсіп-өркендеген Сірдеңе-кә совхозында советтік жеті ұлттың өкілдері ұлы орыс халқының ағалық қамқорлығы арқасында тату-тәтті, бақытты ғұмыр кешіп жатыр еді. Міне қараңыз, сондағы қазақтан басқа ұлттардың бүгінде жұқанасы да жоқ, бес ұлт безіп кетті, алтыншы ұлттан жалғыз мен ғана қалып отырмын. М.Мағ. ~ Қасейінді өз үйінен қалай қуып шыққанын көрген күннің ертеңіне Жалмаңгүл (оның өз аты Камалия еді ғой) құрбысынан біржола безіп кеткен. Ә.Тар. ~ Көпке қадір – салмағы бар үлкендер алдында «баласы бар» немесе «балалардың әкесі» болып көзге түсуді және өзінің елден безіп кеткен жүрісіне орай, енді кеп арттағы үй ішін сағынғанын арсынып тұрғанын іші жүйрік Тайлақбай тез ұқты. Ж.Ахм.
