Жылы шырай танытты, ықылас қойды. ~ Шын бейіл берген адамына ыстық көрінетін қошеметін де мол төгіп отырады. Үлкен, ауыр, алып денесі бейіл берген қонағын күтуде соншалық тез қозғалады. М.Әу. ~ Ән – “Ғашығым”. Салдың өз әуені. Домбыра күмбірі тұтаса есіліп, буырқана көтерілгенде жанарынан ұшқын ойнаған әнші басын изей түсіп, үнсіз мақұлдап бейіл берген-ді. С.См. ~ Бұны дағдылы крестьян начальнигі мен ояздарға тігетін үйлерден мүлде басқаша етіп, ынта салып, тырысып тіккен бейілдер байқалады. Анығында қалың елдің қан жайлауының ортасына орнаған “санақ” төрелеріне бұл жолы басқаша бір бейіл берген осы жайлау байларының ынтымағы бар-ды. М.Әу.
