Posted in

БЕЙПІЛ СӨЗ

Дөрекі, былапыт, боқтық сөз. ~ Енді ерні қыбырлап, бейпіл сөзге үйір болса, қызымның жон терісін сыпырсаң да ризамын, — деді. Б.Мом. ~ Орыстың әлгі бейпіл сөзін шал адамның әлденеге көңілі толмағанда, кейіген кезде айтылатын кәдігулі реніш сөз, деп ойлаған ғой. Жиын үш күнге созылады дегенде, сол күйіп кетіп: “Ой, бігәйт” деген… Н.Дәут. ~ Осы орайда «Кабуснама» өсиеті ойға оралады: «Жақсы сөйлеуге үйрен һәм сыпайы сөйлеуден басқаға әдеттенбе, себебі қандай сөзді айтуды қаласаң, тіл соны айтады. Сөзді орнымен сөйле, орнымен айтылмаған сөз, жақсы болған күннің өзінде де жаман көрінеді. Бейберекет сөйлеме, себебі бейпіл сөз зиян келтіреді». Ә.Ысқ.