Біреуге жалған айып табуға болмайды, шынын айту керек д.м. ~ Ағайын, төренi жұрт әдiл басшы деп атап жүр. Бекер обалы қане, әдiлетсiздiгiн көрген емен. К.Сег. ~ Бекер обалдары қане, үлкен жеңгелері осы босағаны аттағаннан жалғыз қайынсіңлілерін үкілеп ұстап, қабағына қарап келеді. С.Досжан. ~ Бәленбайдың бекер обалы қане, мұның мұңын мұқият тыңдап, бүгін берген уәдесін ертесіне қолма–қол орындап, үлкен басшыға кіргізді. Н.Дәу. ~ Бекер обалы қане, Байшуақ «Төре, бiздi қалмақ ортасынан қашан алдырар екен?» деген сияқты орынсыз сауал қойып, батырды мазалаған жоқ. К.Сег. ~ Жоқ, мырза. Бекер обалы қане. Менi олжалап әкелген дәу қара да сол елдiң танымал азаматтарының бiрi екен, маған тiзе батырған жерi болған жоқ. К.Сег. ~ Әке өлгенмен әкенiң көзiн көрген ағайын, бекер обалдары қане, аналарына жесiрлiк, екi ұлға жетiмдiк көрсетпеген. К.Сег.
