Posted in

БЕЛ АСТЫ

а) Алыстап кетті. ~ Жүргіншілер бел асып, көрінбей кеткенше, ауыл адамдары көз жазбай қарап тұрды. Қ.Жұм. ~ Беткейде жайылып тұрған қос елік те сынаптай сырғып бел асты. К.Сег.
ә) Белгілі бір межеден өтті. ~ Шын жазушының іңкәрі – тағдырының таң азанында ма, тал түсінде ме, бел асқан бесінде ме, мейлі қай кезінде болсын, әйтеуір өз қолында ғана өмір сүріп жүрген ұрғашыда. Н.Дәу.
б) Биіктеді, әлдебір дәрежеге қол жеткізді. ~ Ана жылы алғашқы дүмпуде бел асып дүрілдей бастап еді, НЭП тұсында әжептәуір тауы шағылып қалды. Б.Тоғ.