Posted in

БЕЛ ОМЫРТҚАСЫ

Не нәрсенің де маңызы зор, өзекті тұсы. ~ Салқын самалды Сарыарқаның бел омыртқасы десе де Теміртаудың шілдесі миыңды шыжғырып жібере жаздайды. Ш.Мұр. ~ Осыдан кейін-ақ көтерілісшілердің бел омыртқасы үзіліп, әлсірей берген. Қ.Жұм. ~ Тұмсығы дария суына тiрелген көштiң сауыры мен бел омыртқасынан найза түйреген қазақтар оларды одан әрi әлсiрете түскен-ді. К.Сег. ~ Бұрқылдап жатыр, басына жастап шырқау қыр, Бабаларымның бабасын көрген бір тал нұр. Бел омыртқасы темір пенде де бас исін, Әулие болсаң мөлдірлігіңе іңкәр қыл. Ж.Жақ. ~ Сонда мұсылмандықтан хабары бар көзі ашық бір инженер: «Мұнда киелі Адам жатыр, рельсті бұл маңнан аулақтау әкетейік» деп сызбаларына өзгеріс енгізіп, болат жолдың бел омыртқасын үзіп жіберіпті. Қ.Түм.