Posted in

БЕЛ ШЕШТІ

Белсене кірісті, қолға алды, бел буды. ~ Уақытша баспананың жиһазы аз да, іші кең. Бел шешіп сөйлесуге қолайлы. Т.Әл. ~ Бұрын ел көзіне момын көрінетін Беболдың бірте-бірте ұғанасы қатайып, ауыл арасындығы тұрмыс-тіршілікке бел шешіп араласа бастады. О.Сәрс. ~ Қонақ кiсiнiң сөзiнен кейiн ол ел шетiнде жүрген кiсiлердi ұстауға Сүйiнғара кеше түнде бiрден-ақ бел шешкен. “Ат сабылтып мен деп келген екен. Менiң одан жалтаруыма болмайды. Ол – намыс iсi. Өлсем жау қолында-ақ өлейiн. М.Әбдіх. ~ Оның үстіне сіз енді, меніңше, бұрын діни жағынан басқа көзқараста жүрген көзіңізде бел шешіп кіріскен приюттің жағдайын да естен шығармауға тиістісіз. Г.Ибс.