Posted in

БЕЛГЕ СОҚҚАНДАЙ

Ауыр соққы алды. ~ Болыстар ісін іштерінен ақтауға да бата алмады. Белге соққандай болатын. М.Әу. ~ Рухия белге соққандай мысы құрып отыр. Бір жағында намысы, бір жағында аянышы – екеуі де бұлтартар емес . С.См. ~ Әлде, тіпті балалық өтіп, үлкендікке қарай бой ұрғандығы ма? Аралықта белге соққандай бір дағдарыста қалған сияқты. М.Әу. ~ Дәулетқан мен Ыбырай шабарман ат иесі Әлиге көзбе-көз зорлық көрсете бастағанмен, үсті-басы сарала полицейлер мен Арыппайды көргенде белге соққандай амалдары құрып, бозарып – бозарып тұрып қалған. Ж.Ахм.