Не болса содан секем алатын, сужүректік, үркектік туралы. ~ Адам бір оңбай құламасын, егер бір рет қапылыста оңбастай құлаған екен, өмір бойы сүріншектеп, белең алған жылқыдай көрінген нәрседен үркектеп өтеді…– деп еді-ау әкесі. О.Бөк. ~ Біреулері осынау ғажайып жаңа өмірге бейтарап адам екенін білдіргісі келгендей аяғын жайбарақат, бейқам басып келе жатса, бағда біреулері белеңі бар жылқыдай жан-жағына үрке қарайды. І.Ес.
