Қажып – қартайды, шөгіп қалды. ~ Бірақ Жәмпейістің жүрегі жылыған жоқ. Ол Қодар мен Қамқаның қайғысынан осы жазда біржолата белі бүгіліп, қатты солып кетіп еді. М.Әу. ~ Көп күрсінетін, үнсіз іштей егілетін, сырттай жүдейтін. Бұрынғыдай емес белі бүгіліп, шөгіп барады; бұрынғыдай емес көзінің нұры қашып, жасаурай беретін болып жүр. О.Бөк. ~ … шалы мен ұлынан қатар айрылған ауыр қайғыдан белі бүгіліп, қаусай қартайып көрінгені болмаса сары кепірдің жасы аса ұлғайып кетпегенін аңғару қиын емес-ті. Ғ.Біл. ~ Менің бабам заманында қылшылдаған жігіт боп, қартая келе бетіне әжім түсіп, белі шойырылып, өзінің сол үйреншікті қуысында көзін жұмды. Анадан «шыр» етіп түсті… Өлді. Туу мен өлудің арасындағы өмір — өмір емес, тек, рақаты жоқ күйкі тіршілік қана. Д.Дос.
