Posted in

БЕЛІ НӘЗІК (ЖІҢІШКЕ, ТАЛЫП ТҰР)

Қыпша бел. ~ Бірақ сондай ерлік жасап, батырлармен бастас, ерлермен егес жасаған, ерге ер, серіге сері қазақ қызы жау жоқ жерде ақ көбелі, айдар төбелі айдарлы ерге лайқатты, «белі нәзік жіңішке, үзіліп кетпей неғып тұр» дейтіндей, мың бұралған, пейілді де, бернелі де, жібектей мүнәйім, мақтадай жұмсақ, майдай есілген қалыңдық, жар бола білді. Б.Қыд. ~ Қыз Жібекке Төлеген Көз мейірі қанып тұр, Белі нәзік талып тұр, Пейіштен жанған шырақтай Екі көзі жанып тұр. “Қыз Жібек”.