Posted in

БЕЛУАРДАН БАТПАҚ КЕШТІ (БАТПАҚҚА БАТТЫ)

Өмірдің талай қорлығын көрді, қиындығын бастан кешті. ~ Талай рет белуардан батпақ кешіп жасаған жорықтарымызды есіне түсірді. Ә.Нұрш. ~ Әзіл де болса шындық еді. Белуардан батпақ кешіп, таңнан қара кешке дейін дірдектеп жүріп теретін мақтамыз кербез кемпірдің шүйкесіндей-ақ. Соғыс кезінде масақ теріп күн көргеніміз рас, бірақ мақта теріп күн көру одан да қиын екен. Қ.Ысқ. ~ Кейде ойымды еріксіз сүйрелеп ала бағанның ар жағына алып шығам. Жат ел демей, жақсылығын көргім келді. Қараңғы бір түн ішінде белуардан батпаққа батқандай болам. Бар ойыңнан бір-ақ айрылып, адам үшін арман деген немене, өз еліңде салтыңа кіріп болған қандай қимасың бар еді, бәрінен жұрдай болғандай селк етіп қалам. Ғ.Мүс.