а) Суға, балшыққа, қарға … т.т. белуардан кіріп, шыға алмай қалды. ~ Тас кемпір табалай күліп, ағып түскен көзімен мені шығарып салып, сан ғасырлар тұрған күйі жерге белшесінен батып, мелшиіп қала берді. Ш.Айт. ~ Алдарындағы омбы қарға белшесінен батып, бақырып жатқан көшбасшыларын көріп, тағы үйір кілт тоқтады. Ә.Кек.
ә) Тереңінен бойлады, біржола берілді, сіңісіп кетті. ~ Бақытсыздыққа белшесінен батқан халықты көрді. Оңбай шошыды. Гаутама патша тағын тәрк етіп бақытсыздыққа белшесінен батқан халықты құтқару жолын іздеп жолға шықты. С.Елу. ~ Алғашқы бірінші сұраққа «иә» деп қап, сосын шегіне алмайық. Өтірікке белшемнен бата берем. Б.Соқп. ~ Және үй демей, көше, клуб демей, жүріп те, тұрып та ойлана береді. Әйешті шығарып салып келе жатып та қалың ойға белшесінен батады. М.Қаб. ~ Қисыны, бұл арадағылар көзі тірісінде ұрлық, үй тонау, жазықсыз адам өлтіріп, қан қарызына белшесінен батқандар сияқты. Т.Рыс. ~ Батпаққа белшесінен батпай тұрғанда заң орнына сезігімді білдірейінші деп талап қылғанымды өздерің білесіңдер. М.Сүн.
б) Пайдаға (не зиянға) молынан кенелді. ~ Тек жаманшылық, жаулықты қатты ұлғайтатын іс болады. Енді мол бәлеге белшесінен батқан деген осы. М.Әу. ~ “Райымның” тышырақайы есіне түсті. Ол қазір қамау судың балығына белшесінен батып жатқан болар? Жолы болғыш сыралғы неме мынадан кейін есіріп шыға келер-ау. Ә.Нұрп.
