Posted in

БЕРЕКЕ ТАП (ТАПҚЫР)!

Бастаған ісіңнің қызығын көр д.м. Көбінесе жорта, кекесінмен айтылатын тілек. ~ Абдолла топ алдында өзі де қызарып, Арыппайдың тымағын жерге кідіртпей қолына ала берді. Жігіттің басына тымақты өз қолымен кигізіп жатып: — Тәңір риза болсын! — деді баяу. Жұрт енді ғана дабырласа үн қатып: — Ой, бәрекелді! — Уа, береке тап! — Басындай бас иілсін, қарағым! — десіп, Арыппайды алқап жатты. Ел татулығына жамау болғандай шынайы ризалық, алғыс үндер еді. Ж.Ахм. ~ Бәли, о береке тапқыр, ішіңді бір босатып алған екенсің- ау, сабазым! Мықтысың, мықтысың деймін, нешеуін домалатқансың, шырағым- ау?! Қ.Жиен. ~ Береке тапқыр- ау, басқасы басқа, ал мына қылығына не дерсің?! Көршіден көже қатыққа деп сұрап алған бір тостаған сүтті тасытып алды. Қ.Жиен.