Posted in

БЕРЕКЕСІН (БЕРЕКЕ) ҚАШЫРДЫ

Сәнінен айырды, құтын кетірді. ~ Иә, көбірек шыдам, сабыр керек еді. Содан ба әлде басқа себеп болды ма, генерал минут сайын әр полктан хабар алып тұрса да, бүкіл дивизияның аумағын түгел қарпып, бар жағдайды көзіне елестете алмады. Өз дәрежесіне сай биіктен емес, аласадан қарағандай, тұтас қимыл бөлшектеніп үзіліп, шашырап көрінеді. Әр жерге бір тығындап қолындағы жап-жақсы резервтің де берекесін қашырып алған түрі бар. Т.Ахт. ~ Одан-бұдан құралып, қарасы көбейген кезде енді оларды бұлай қодаңдатып-шабуылдатып, жұрттың үрейін алдырып, берекесін қашырып қоюға болмайтын еді. Б.Қыд. ~ Көп нәрсені өзімізге ыңғайламасақ болмайды. Өйткені туған тіліміздің берекесін қашырамыз. Ел болып, етене кірісіп, тіл мамандары жиналып жасаса, онда көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ж.Баб.

Мазаны алды, құтын қашырды, көңілін құлазытты. ~ Тысырлап зулап жанған от. Туырлықты ұрғылап сыртта азынаған жел. Қабағы түйіліп келе жатқан бір жаманат хабаршысындай ұлып, сарнап дүниені құлазытады. Береке қашырады. С.Ел. ~ Таң атқалы далада күннің өтінде жүрген жігіттер ыстық таратқылары келіп, ысылдап-пысылдап біраз отырып еді, айналадан аптап ұрып, береке қашырған соң, дастарқанды жинай бастады. Ә.Кек.