Posted in

БЕС ЕЛІ

а) Баттасқан, қап-қалың кір, шаң, май т.с.с. туралы, әдетте жағымсыз мағынада қолданылады. ~ Қасына барып, кабинаның есігін ашып еді — темір пружиналары сойдиып-сойдиып шығып кеткен былқылдақ отырғышты басып жатқан бес елі тозаң бұрқ ете қалды. Бет-аузын көміп кетті. Ә.Кек. ~ Төмен түсіп бара жатқан ышқырын көйлегінің сыртынан көтеріп қойып, бүйрегі жыртық мештің үстіне, күйесі бес елі қара шәугімді шайқалта көтеріп апарып, тарс еткізді. Т.Рыск.
ә) Қалыңдық, жуандық өлшемі. ~ А-а… Не сұрайын деп ем? Не сұрайын… А-а…— Басы кеудесіне құлады. Сипаланып пальтосының қалтасынан қалыңдығы бес елі жуан кітапты суырды. М.Қаб.