Адам өмірінің қысқалығын меңзейтін теңеу. ~ Біз сол өзіміздің ата– қонысымызда қалатын шығармыз, — деді қысқа қайырып. — Бір бес күндік тірлік қой, қайда жүрсек те аман болайық. Қ.Жұм. ~ Есік алды гүлхана, Саған болдым мен ана. Екі асыл сұлтаным, Қаныңды жүктеп барамын Алпыс табақ тіллә үшін Бұ бес күндік дүниеде. “Мұңлық-Зарлық”. ~ Дүние-әлемді жаратқан, сол әлемге шығып-батқан күндей бес күндік қонақ болып кететін адамды жаратқан құдірет иесіне құлдық ұрып тұрған кезде Едіге аспаннан аққұйрық қарақұсты тағы көрді. Ш.Айт.
