О бастан анық, дау тудырмайды. ~ Бұл нарядтарды Дүйсековтың жалғыз өзі жасамайтыны және бесенеден белгілі. О.Сәр. ~ Халықтың әлеуметтік күн көрісі мәз емес екені бесенеден белгілі. Ш.Мұр. ~ Ит тұмсығы өтпейтін Тайга төріндегі аядай ауданда бос жүру қандай қиын. Өзіңді қайда қоярға білмейсің. «Жер бетіне сыймайсың». Бесенеден белгілі адамсың, бала екеш бала да: «Анау! » дегендей қолын шошайтады бізге қарап. Х.Ес.
