Жап-жас қалпымен. ~ Ақбөкен Табын руының бір момын адамының жалғыз қызы. Бесіктен шықпай жатып нағашысы Жоламан оны Байтабынға айттырған-ды. І.Ес. ~ Әсіресе түнгі кафе-барларға келіп таң атқанша отырып шығарда ақшаны дестесімен төлей салатын бай баласы – көркем қыздар мен көрікті жігіттердің қылықтарын көргенде «апырау, бесіктен белі шықпай жатып қона салған бұл қандай бақ» деп меңірейіп, бір жағы күйзеліп тұрып қалатын. Т.Әс. ~ Әлгі Абдолдың Қойсарысы бесіктен белі шықпай жатып қағынған жаманына қатын әперіп!.. Қ.Ысқ. ~ «Мына баланың атын аттас атасындай батыр болсын деп Бауыржан қойған-ау, -деп ойлады Тілеулес.– Бесіктен белі шықпай жатып қайыр сұраған баладан қандай батыр шықпақ? С.Дос.
