Posted in

БЕСІН АУА (ауды)

Бесін мезгілі өткен кез. ~ Әлгі өзі тартқан күйді тартқызған. Бір емес, екі емес, әлденеше рет тартқызған. Бесін ауа мұның қолының жөндемге келгенін көріп, бас изеп жатқан. Кенет мұның шек қағып отырған қолын бауырына тартты. Ә.Кек. ~ Қырық Жайынның ен тоғасын жайлаған ауылға бесін ауа жетіп барған. О.Сәр. ~ Алпыс бірінші жылғы жиырма жетінші маусым күні Кунцево ауруханасының ақ шапандылары операция столында сəскеде ұйықтатып, бесін ауа оята алмайтын сұмдық өкінішке қарай сүйреп əкетіп бара жатқан зауал шағында да Мұхтардың ойлағаны өзінің өлім халі емес, өзінен кейін қалып бара жатқан «қалың елі, қазағы, қайран жұртының» өмір жайы, осы бір асау əрі момын, күшті əрі сорлы, мəрт əрі нəмəрт халықтың камы еді. З.Қаб. ~ Сол тырп етпеген қалыптары бесінді күтті. Бесін де ауды. Сол баяғы жым-жырт тыныштық. Ә.Кек. ~ Ақ қар мен қара тас жаныған тағалары бесін ауған күннің сәулесіне шағылып, жарқ- жұрқ қақты. А.Алт.