Posted in

БЕТ- АУЗЫ КӨНЕКТЕЙ (ІСІК)

Бет-жүзі суықтан әлде соққыдан дүрдиіп ісіп тұр; қып-қызыл, ісіңкі. ~ Ие, несін жасырайын, Масаңбай көрінгенге қолын жайып, сызды тротуарда отыр екен. Бет-аузы көнектей, қасында бір бос шыны жатыр. Тұқыл аяғын балдағының үстіне салып көрінгеннің етегіне жармасады. С.Шай. ~ Шал да, науша жігіт те бет-аузы көнектей, көзі қып-қызыл, өсіңкі сарғыш шашы ит ойнақтаған қоғадай ұйпақ-тұйпақ қырықтардағы орта бойлы, ашаң адамға таңырқай қарасты. Н.Сер. ~ “Көнек демекші”, — деп Сұлтан күбір ете қалды. Табанда қөңілі тоза түсіп, жыларман халге келді. Ендігі дерті — қарындасы. Бет-аузы көнектей. Аяқ-қолы добалдай. Жиырмасына дейін үйде отырды. Ә.Тар. ~ Бет-аузы көнектей ісік; тоңып бүрісіп, үйдің бұрышындағы пешке арқасын сүйеп мұңайып, терең ойға шомған адамша Күлпаш отыр. Б.Май. ~ Бірақ сіріңке тұтатқан Асан, жылаған даусынан болмаса, кескінінен Ботагөзді де, Қалиманы да таныған жоқ. Ботагөздің бет-аузы көнектей ісік және сағалданған қанның жолақ-жолақ ізі. С.Мұқ. ~ Бет-аузы көнектей ісік; тоңып бүрісіп, үйдің бұрышындағы пешке арқасын сүйеп мұңайып, терең ойға шомған адамша Күлпаш отыр. Б.Май.