Сақал-мұрты күтімсіз өсіп, түрінен адам шошығандай. ~ Сорлы кедей Бақтың айтқанын істейді. Қыдыр бет-аузын түк басқан, екі көзі қылшықтан көрінбейтін жаратылыс болса керек. Сол түктердің арасынан ықыласы түсіп, көзі шалған адамға Бақ барып қонады екен. К.Қаз. ~ Етегі құлама жар екен, ол ат шылбырын тобылғы түбіне байлап, жоғарыға жаяу өрмелеген. Қарсы алдынан бет-аузын түк басқан, еңгезердей адам шыға келгенде, тілі байланып қалғаңдай болды. Б.Тоғ.
