Posted in

БЕТ АЖАРЫ

Кескін-келбеті, өңі, жүзі, дидары, сұлулығы. ~ Ертеңінде көп шәкірттің қатарында Қартқожа да партаға отырды. Бет ажары — бақ, орыны — ұжмақ болды. Жүрегі неғып жарылып кетпеді десейші! Ж.Айм. ~ Жобасы, жас кезінде сымбатты да, сұлу да болған кісі. Денесі етейе жасы егделене, сымбатының сұлулығы ыдыраған, бет ажарының көркі – күлімдей, ойнақши қарайтын көздерінде қалған. С.Мұқ. ~ Ат дүрсіліне елеңдеп келіншек басын көтерді. Бет ажарында қауіп пен шаттық арбасып, қайсысының үстем келерін білмеген дағдарыс. Б.Май.