Posted in

БЕТ БАҚТЫРМАДЫ

Жөн сөзді құлаққа ілмеді, дауласып, өз айтқанынан қайтпады. ~ Молдалардың бәрі де дүр ете қалды. Жыландай жиырылды. «Құдайдан безгендерге сеніп…» – деп бет бақтырмайды. Ә.Шәр. ~ “Бүйтіп ойда жоқта табылған жылы-жұмсақты жасырғанша, жұртпен бірге бөлісіп жесек қайтеді?” – деп ед, Бөрібай бұл жолы бет бақтырмай, шалды тиып тастады. ~ … айтқанынан қайтпайтын әке: «Көзім тіріде Еламанның шаңырағын құлатпаймын » – деп, бет бақтырмады. Ә.Нұрп. ~ Шөпті өртеген сол екенін бәріміз білеміз, араға ақсақалдарды салып, ақыл да айтып көрдік, полиция жіберіп қорқытып- үркіттік те. Болмады… Оқыған қаратаяқ қой, бет бақтырмайды, ештеңені мойнына алмайды. Ә.Асқ.