Posted in

БЕТ БЕРДІ

а) Ниет танытты, ынта қойды. ~ Арыстан. Сөйлеме олай, сірә да. Қай қазақ ұлы теңім еді? Тайталаста кім жеңіп еді Шектіні!.. Білесің ғой бет берсем, ниет қылсам, ойып түсем ортасын! Қайтады оның, мен келгесін шегінеді былай!.. М.Әу. ~ Өңшең пысық, елгезек, сергек жігіттер екен. Бәрі де Бөжей ісіне бұл ауылдардың бет бергенін іштей шынымен мақұлдаған жастар сияқты. Тегіс көңілденіп аттанысты. М.Әу.
ә) Бағыт алды, бұрылды. ~ Дәт жаңа айтты: бұлар бүгін әдейі арнап Әбіштің көңілін сұрағалы келген екен. Бірақ Мағаштар Торжорғаның жарысына кетті дегенді естіген соң, өздері де солай бет беріп, күн барда келе алмапты. Енді Әбіштің үстіне кеш қараңғысы түскен соң бару жол емес. М.Әу.