Posted in

БЕТ БІТКЕННІҢ СҰЛУЫ (АЖАРЛЫСЫ)

Кескін-келбетіне, дидарына көз тоймайтындай әдемі. ~ Бетіне бетімді тигіздім. Аузынан коньяк иісі мүңкиді. Бет біткеннің сұлуы еді‚ сабақ оқудан мектептің алды еді. Жолы болмай оқуға түсе алмады. Қ.Түм. ~ Айтары жоқ… Ғажап екен! Ойпыр- ай, мынау — бет біткеннің сұлуы ғой… Кімнің қызы екен өзі?! — деп таңданысын жасыра алмай қалды. Қ.Жұм. ~ Тіке қарағанда байқадым‚ бет біткеннің сұлуы еді‚ езуінің үстіне ерте ме‚ кеш пе, бір ұзын ұры сызық түсіпті. Қ.Түм. ~ Сұмдық- ай! Абиырын жасыруға да ақылы жетпей тұрған қыз бет біткеннің сұлуы болатын. Т.Рыск. ~ Теріскей ауылдың сұлуы атанған Айнұр қыз расында бет біткеннің ажарлысы. Ш.Құм.