а) Сәнге киер киім. ~ Сол әңгімеден соң Қуат қасына Құтжанды ертіп, бет жүздік шапандарын киіп, белдерін буып, Ержекең үйіне барған. Олардың неден бастап, неге тоқтағаны жұмбақ, әйтеуір үй іші тойға қамдана бастады. Ү.Жлк. ~ Сыйлы қонақ қызды– қыздымен алдындағы ит терісімен тыстаған қалың табан етігін үйге жеткен соң ескерткішке шешіп тастап кетуге уәде берді. Мұны Зайыбы тағы бір ұл тапқандай қуантып, ол уәдесін орындады да. Айтып– айтпай ол азбас– тозбас сақтиян етік мұның сәнге ғана киер бет жүздігі болып, үйінде әлі тұр. К.Сег.
ә) Сый-сияпат. ~ Шынында да, сенбей-тұғын несі бар? Қыстың көзі қырауда жер түбінен барған елшіліктің ақ патшаға шимай-шимай ала қағаздан басқа алып барған қай бет жүздігі бар?! Ә.Кек.
