Posted in

БЕТ ЖЫРТЫСТЫ

Қатты ұрсысты, бір-бірін қайта көрместей болды. ~ Ия, ол өзіміз, итше ырылдасатын да, бет жыртысып жаңжалдасатын да, тіпті, өлісіп-беріспейтін де өзіміз. Ғ.Біл. ~ Бұндағы мектептің басшыларымен енді бәрі бір, сыйысып қызмет істей алмайсыз. Солай ғой? Солай. Бір бет жыртысқаннан кейін… Сіз бұған қалай қарайсыз? Б.Соқп. ~ Не сенерімді, не сенбесімді білмей аңырып тұрып қалдым. Құдай-ау, кеше ғана өрісте бет жыртысып айрылыспадық па? Бұл жай әншейін тәлкегі болар басекеңнің… Т.Берд. ~ Пісте мұрын, қызылшырайлы апасы екеуі бір-біріне қабақ шыту дегенді білген емес. Өзге ерлі-зайыптылар бет жыртысып қалып жатқандарын Жәзира талай байқаған. М.Сүн.