Өлген адамға иман тілеп, құран оқыды, “Әумин!” деп бет сипады. (Сол сияқты бата оқылған кез-келген жағдайда жасалатын салт). ~ Тәсбиғын жиi тарта түсiп, өңiн Ұлжан жүзiнен шұғыл бұрып алып, тәhлил айтып, сыбырлап кетiп, дұғамен бет сипады. М.Әу. ~ Сосын бәрі Тәнтінің қасына жайғасып, ананың күбір-күбір дұғасынан кейін кішкентай қолдарымен бет сипап, дастарқандағы шелпекті таласа-тармаса жеп алады. Е.Жең. ~ Кісі аятын аяқтай беріп алақанын жәйді. Бұлар да түгел қол жәйіп үнсіз бет сипасты. С.Елу.
