Posted in

БЕТІ ШЫЛП (БЫЛШ) ЕТПЕСТЕН (ЕТПЕЙ)

Ұялмай-қызармай. ~ Мына тұсқа қолыңызды қойыңыз!.. Мына бір қыздың суретіне назар салыңызшы», – дейді әлгі арыз жанрының шебері беті шылп етпестен. Д.Дос. ~ Үш айдан кейін келеді,— деді Елтай беті шылп етпестен. М.Қаб. ~ Түсінікті-е… Бастық жарты минуттан соң беті шылп етпей: «Анау журналдың пәлен санын кітапханадан іздеп келші. Менің поэзиямды жариялапты. Бір үлкен кісі сұратып жатыр»,— дейді. М.Қаб. ~ «Шата» дейді- ау. Осы бір қаңқау сөз үшін өзінен ары намыстанып, талай баланың мұрнын дал қылған аманжан, енді міне, ес біліп ер жеткенде, беті былш етпей өзі айтып
тұр. О.Бөк. ~ Келесі аптада зыр етіп жетіп келді. Түрік енді басқа әуенге басты. — Сендерді тентіреп
жүргендеріңде қанша күн асырадым. Менің осы жомарттығыма рахмет айтыңдар, – деп қасқайып тұр. Беті шылп ететін емес. Д.Шал.