Posted in

БЕТІН АУДАРДЫ

а).Басқа жаққа бұрып әкетті. ~ Апаңның дені сау, үй арасы жақын. Араласып тұрамыз,— деді Ақбота, әңгіменің бетін аударғысы келіп. Мен үндемедім. Ғ.Мүс. ~ Айтпақшы, Долли қасында Стива да кабннетте ұзақ аялдауға айналды ғой деймін, — дегенді кірістіре, Китидің байқауынша, әлденеге көңлі жарым болған адамша, әңгіме бетін аудара сөйлеп, түрегелді Анна. Л.Тол. ~ Шындығын сезе тұра күншілікпен Мін іздеп, арсыздыққа салмас едім. Жақыным, жұрттың бетін аударуға Қара боран салса егер, нанбас едім… С.Тор.
ә) Назарын салды. ~ Бір көрген адамның Ханпадшайымға қызықпауы екіталай. Аппақ қардай ақшыл бетін аударып, тостағандай қарақат көзін күлімдетіп бір қарағанда, көңілдегі қайғысын ұмытпас бірде-бір еркек дүниеден табылмас. І.Ес. ~ Қоңырқұлжа шаңырақтан түскен күн сәулесінен бетін сәл әрірек қозғады да, қайтадан тоқалына қарады. Одан бетін аударып босағаға көз тастады. Босағада керегеге жібек бүлдіргісінен ілінген сегіз қарыс, өрімі қос саусақты ырғай сапты қамшы тұр. І.Ес.