Әлде бір істі шектен шыққан ұятсыздыққа, тым өрескел қылыққа балағанды білдіретін ишара жасады. ~ Ой қағынғыр, тыныш отыр. Жаның шығып бара ма? Үлкендер отырғанда о несі – ай, — деп ақ келіншек бетін шымшыды. Н.Сер. ~ Маңдайшаның саңлауынан сығалап тұрған, бағанағы сүйінші сұрайтын қара келіншек: — Бетім – ау, орыспен көрісіп жатыр ғой!—деп бетін шымшып, аузын сылп еткізді. Т.Әл. ~ Ойбу, ұяттағы-ай, — деп, Шоқай апа бетін шымшыды. – Атпалдай бригадирді ұрып қорқытқаныңа қарағанда, мен сені есі кіріп қалған ересек десем, әлі бала екенсің ғой. Ш.Мұрт.
