Әлдебір ерекше сезімнен (ұяттан, қуаныштан) жүзіне қан жүгіріп, беті нарттай жанды; әлдебір сезім жүрегін тебірентіп, бетіне қан жүгірді. ~ Халел не дерін білмей бетіне қаны теуіп, көзіне жас кеп қалды. Сандық дегенде үйдегі сары жез белбеулі сандықша есіне түсіп, шалдар тап сол сандық туралы айтып отырғандай өне бойы шымырлап қоя берді. С.Жүн.~ Халел не дерін білмей бетіне қаны теуіп, көзіне жас кеп қалды. С.Жүн. ~ Монтаны пішін, бидай өңді Сырға бәйбішенің түндей тұнық қара көзі жарқ етіп, ақ тісі ашылып күлгенде бет ұшына қаны тепті. Күйеуіне еңкейіп сыңғырлап күлді. С.Ел. ~ Ал, сүйінші! — деді көкесі. — Келін босанды. Түгелхан деген бір жаман немелі болдық! Лып етіп бетіне қаны тепті Шегенің. Екі езуі екі құлағына жетті. С.Ел.
