Айыбын бетіне басып айтты, табалады, әшкереледі, бетін қайтарды. ~ Ақын мен жазушы, шынайы қаламгер елінің елеулісіне, халқының қалаулысына айналады екен. Ақынның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтындар молаяды екен. Кірушілер де, көрушілер де тергеушіге әлгі бір ауыз өлеңді бетіне соғып, маңдайына ұратын болды. С.См. ~ Тауда жатқан өзіңе Қараман келер — құрдасың. Қатын деп кеткен сөзіне, Бетіне сонда соғарсың. “Қара Қыпшақ Қобыланды”. ~ Содыр-сотқарды тыю жолында қатуланып бекінген Оспан өз ішінде дәл өзінің ағасы болса да, Тәкежанды да осындай қырына алмақшы. Кімге болсын тура сөзін таймастан бетке соғып, қатты айтатын Оспан осылардың өздеріне болыс болмай тұрған күнінде де қатты соқтығатын. М.Әу.
