Posted in

БЕТІНЕ ЖАН ҚАРАТПАДЫ (ШЫДАТПАДЫ)

Мейманасы асқан, айбарлы, сұсты адам туралы. ~ Осы үстелге уақытша емес, түпкілікті жайғасқан адамнан жаман кәрленіп, бетіне жан қаратпауға айналды. О.Сәрс. ~ Құлым атам бетіне жан қаратпайтын тәкаппар кісі, жүрегі қабынып кеткен. З.Шүк. ~ Куәлік иесі аспандағы жұлдызға қол созғандай бетіне жан қаратпайтын қаһарлы алпауыт шығар деп жорамалдапты… Д.Дос. ~ I қатын (қашып, ұрысқан боп). Ойбай-ау, мынау әлгі батыры ғой! II қатын. Бетіне жан шыдатпас кәпірі ғой. М.Әу.