Posted in

БЕТІНЕ ИМАНЫ ШЫҚҚАН

Ибалы, инабатты, ізетті. ~ «Менiң Назеркемнен асып бара жатқан үлкен де емес, иманы бетiне үйiрiлген қандай ибалы жан едi өзi» – деп ойлады. Ж.Шаш. ~ Қажығұмар Шабданұлы ортадан сәл ғана жоғары бойы бар, денесiнде қырып алар артық ет жоқ, бар иманы бетiне шыққан, ақ сұр өңдi, тез сөйлейтiн, қағылез адам екен. А.Сағ. ~ Сонда мені оның жан дүниесінің тазалығы, бетіне иманы шығып тұратын пәктігі және көркем әдебиет шығармаларын көп оқып қана қоймай, содан үлкен адамгершілік тәлім алғандығы риза ететін. С.Ас.