Posted in

БЕТІНЕ ШІРКЕУ БОЛДЫ

Ұятқа батты; ел бетіне қараудан қалды. ~ Көзілдірікті кішкене қыз төмен қарады. Ұялып қалды. Екі жастың арасындағы манағы бір оқыс қимыл әсіресе осы баланың бетіне шіркеу бола беретін сияқты. C.Шәй. ~ Ел маңынан өткендер «қарақшылар қонысы», «ұрының ұясы», «алаяқтар ауылы» деп өтетін болса керек. Қара таңба әркімнің бетіне шіркеу болып, жүздері төмен жүреді. Б.Мом. ~ Рулардың тегін, дәстүрін жете ұғындырып, ағайынның бетіне шіркеу болатын олқылықтарды іліп алып, әжуаға айналдыруға машықтандырады. Б.Омар. ~ Кешегі қауесет бетіне шіркеу боп, бойын тежеп, аяқ-қолын бүріп
отырғанын қарашы, лағынет! З.Шаш. ~ Өзi Жосалыдағы орта мектептi бiтiрiсiмен, Алматыдағы университетте оқып жүрген кезiнде, әкесiнiң өткендегi қызметi бетiне шiркеу боп, окумен қош айтысқан. Б.Алд.