Жүзің күйгір деген сықылды қарғыс. ~ Бұл жеті жұртты құртқан сайқалды қой. Сайқал! Беті кесілгір сайқалдың нақ өзі. Өл де маған кел. Бір байға тиді, оны құртты атқа тепкізіп. Екі байға тиді, халық жауы етіп бұның да көзін жойды. Енді міне, елге қайта келіп, тұп–тұнық отырған халықтың лайын шайқап… Басқарма қайнағаның түбіне жетті де тынды, әне. Ә, беті кесілгір! Жүзіқара бетпақ. М.Қан.
