Алдан соққан жел, бетке ұрған ауа, жылы леп туралы. ~ Ac үй манағыдан көрі түзеліп, үй түріне кіріп қалыпты: шашылған көң, тезек пештің аузына таман ысырылып, жиналыпты; бір қазан ет бұрқылдап қайнап жатыр. Үйдің жоғарғы жағы буланып дымқыл, жылы ауа бетке соғып тұр. Ә.Мар. ~ Сұлу қара аттың лекіте аяңдағаны, бетке соққан даланың жұп-жұмсақ жылы желі, бірінен соң бірі кезектескен жылан қырқа, ойпаң көлшімектер, қырдың иісті қара жусаны мен селеулі бозы көз тартып, көңілді сергіте бастады. Х.Ес. ~ Ыза мен көз жасына булыққан апам «аһ» деді де, үйден шыға жөнелді. Бағанағы — бағанағы ма, сырттағы кұйын ұйтқып тұр екен, есік ашылғанда шұбатылып кіріп, бетке соқты. Б.Тоғ.
