Posted in

БЕТТІҢ ҚЫЗЫЛЫ

Жастық шырайы, көркі. ~ Күңкілдеп көріп еді, шешесі тиып тастады: – Беттің қызылын шайға езіп ішесің бе? Кісілігін ойла. Атаң қазақ «қатын алма, қайын ал» деп білмесе, айта ма? Т.Сәу. ~ Екі беттің қызылы Ақ тауықтың қанындай, Ақ білектің мүсіні Айбалтаның сабындай. “Қыз Жібек”. ~ Күн батып барады. Алаулаған беттің қызылы батқан күнмен бірге сөніп, күн ұясына кіргенде қара бұжыр бет оттан алып тастаған майысқан ескі кәкпірдей қара қошқылдана қалды. С.Жүн. ~ Қайдағы беттің қызылы, қайдағы жастық, жеңеше. Мен күйеуге шығудан қалдым ғой, мойындайық та. Менің қатарларым шаңырақ ұстап отыр. С.Досж.