Posted in

БӘЛЕ ҚЫЛДЫ (САЛДЫ)

Лаң шығарды. ~ Ұзынқара деген әпенділеу жігіт ағасы көкайыл әйелімен сотпен ажырасқанда: “бәледен құтылғаныма вечер жасаймын” − деп бәле қылған. Н.Дәут. ~ Көкем нефтебаз құрылып, сонда есепші болғанда, сырттай институтқа түсем деп бәле қылды ғой. НАРХОЗ– ға түсіре салайын деп едім, кейін ойланып, «төрімнен көрім жақын» қалғанда не керек деп… Қ.Түм.

Жала жапты, шатақ шығарды. ~ Солай ма? Есіңде ме, баяғыда: «Мұндай екенін неге ерте айтпағансың деп, әлі маған бәле саларсың» дегенім. Б.Нұр. ~ Бірақ бірауықтан соң, кім аяғынан қаққанын өзі де білмейді, Көжек ақсап отырып қалды. Бәле Саржаннан келді–ау дейім. Солай деп шамалағаныммен мойнына қиып сала алмаймын. Қорқа ма, әлде, кім қаққанын шынымен білмей ме, Көжек үндемеді. Көрген де ешкім жоқ. — Сен бе, Саржан, қаққан тобықтан? — деп едім. — Ағай бәле салмаңыз,— деп өзіме қарсы шықты. Н.Сер.