Posted in

БӘЛЕ ТҰТАТТЫ

Шатақ шығарды, дау тудырды. ~ Жомарт батыр бір жатына Қуатты, екінші жатына Тынышбайды алып, өзгелерден оқшау шығып отырды. Онысы – қазіргі кеңесте исі қазақтың ел ішіне не бір оғаш бәле тұтатар, не табыстырар дауына, Арғын мен Найман арасының өткен жаздан бері ұлы дүбір, үлкен тартыс туғызған керісіне қосылмаймын деген іштей наразылығы еді. С.См.