Posted in

БӘЛИҒАТҚА ТОЛДЫ

Ер (бой) жетті; кәмелетке толды. ~ Ер адамдар бәлиғатқа толысымен шашынын алдыңғы жағын ғана алдырып, арт жағына айдар өсіріп, өріп қоюға тиіс болған. Қ.Жұм. * Бала бәлиғатқа толмақ түгілі, әртүрлі жағдаймен сәби, өскін кезеңін өткеріп алса жиырма бірдеңе жас емес, оннан асса сөлекет. М.Мағ. * Бәлиғатқа толмаса да үрген торсықтай аспан көз әдемі қызды көргенде жүрегі құрғыр лүп ете қалушы еді. Қ.Ысқ. * Шариғат бойынша, бәлиғатқа толған еркек дінге кірсе, сүндет парыз емес деген қисын таптық. Теріс болса, құдай күнәмізді кешіре жатар. М.Мағ.