Өз сөзіне деген сенімділікті білдіру, серттесу. ~ Байеке, озады атым, бәс тігемін, Тұлпарыңды тұғырым басты менің. М.Мақ. ~ Сонарбай – белгілі даукес: ─Әкел қолыңды, осыдан су шықпаса, мен жауап берейін. Бәс тігемін, – деп даурықты. Т.Әбд. ~ Болсын, туысы құрметті атаман, – деді қуанған Григорий, – жылдың аяғына дейін, даярлық класстарының біріншісі түгіл, екіншісіне экзамен ұстауына бәс тігем. С.Мұқ. ~ Қандай деймісің? Неғып білмей қалдың? Бәс тігуге бармын, сен өзің де осы жайында ойлағансың. Ф.Дост. ~ …арыз иесі ағылшынша ағып тұр, орысша Чехов стилімен сорғалатады, дәп осындай ырғақпен жазылған екі–үш бет қағаз кез келген шенеунікті көрге апарып тығуға күші жетеді! Бәс тігуге бармын! Мынау арыз емес, шедевр! Ә.Кек.
