Posted in

БӘТУА БАЙЛАСТЫ (БАЙЛАНДЫ)

Келісімге келді, уәделесті. ~ Ізбастың жарты жыл ауылын іздемеу себебі де сол болатын. Ажар ауылын ұмыттырып жібергендей еді. «Шешең қатты науқас» деген суық хабар алып, артынан қуғыншы жеткенде ғана, шие еріннен бал татып, бірге болуға бәтуа байласып, үлгерген Ізбас жедел жолға шыққан. Ү.Жлк. ~ Уәде, – алланың есімі. Келер жылы көңіліңнен шығамын. Әзірше әйеліңе қыжым орамал тастап кетейін, бауырына басысы өзгереді, көкжалым! – Қышыған жерге тиесің– ау, қатыным қырғиқабақ еді, – деп жадырайды Бөкпенбай. – Бәтуа байланды ғой? Қаракөк құнан қолға тисе, атқа қонар, алдында тоқымқағар да жабылып қалар, – деп Ноғайқұл асығыстанды. Т.Әл.